Aна туралы тақпақ

Aна туралы тақпақ. Бұл Ана туралы тақпақ деп аталған мақаламызда сіздер үшін тамаша өлеңдерді ұсынамыз. Оларды есте сақтаңыз.

Aна туралы тақпақ

Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің .
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.

Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің .
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің анашым.

Анашым асыл адам сен едің,
Біздерді бесігіңмен тербедің.
Аялаған біздерді
Ардақты анашым сен едің.

Жан анама.

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!

Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы, қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең – маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

****

Анашым ғұмырлы болғанын
Ғасырлық өмірлі болғанын
Алланың сүйікті құлысын
Пенделік бойында болмады
Өзіндей сынақтан өтсемғой
Ақ батан көгеріп көктесем

Анашым

Ақ сүтін берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен,
Қайдан табамын анашым?!

Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы, баршаң да?

Алысқа кетсемде,
Сағынамын мен сені!
Әрқашан да жанымнан,
Табылатын менің анашым!

Менің анам

Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым

Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.

Leave a Comment

Scroll to Top